Жаңалықтар тізбегі
0

Әр жеңімпазға 5 млн: "Айбоз" әдеби сыйлығына өтініш беру 1 қыркүйекке дейін жалғасады

Әр жеңімпазға 5 млн: "Айбоз" әдеби сыйлығына өтініш беру 1 қыркүйекке дейін жалғасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2023 12:47 Сурет: pixabay
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жариялаған "Айбоз" ұлттық әдеби сыйлығына бүгінге дейін 64 өтініш түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның ішінде "Үздік проза" номинациясына – 26 шығарма, "Үздік драма" – 2 өтінім, "Үздік поэзия" - 21, "Үздік әдеби сын" аталымы бойынша – 1 өтінім, "Үздік әдеби аударма" - 4, "Үздік балалар әдебиеті" - 8, "Үздік комикс" - 2 өтінім.

Әдеби сыйлықтың жалпы жүлде қоры – 35 млн теңге. Әр номинацияға 5 млн теңгеден қарастырылған. Үміткерлердің өтінімі 2023 жылғы 1 мамыр мен 1 қыркүйек аралығында www.aiboz.kz сайты арқылы қабылданады. Әдеби сыйлық жыл соңында табысталады. Байқауға отандық қаламгерлер қатыса алады және үміткерлердің жас ерекшелігіне шектеу жоқ.

"Айбоз" – отандық қаламгерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсету және ынталандыру мақсатында Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастыратын ұлттық әдеби сыйлық.

"Байқауға бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған шығармалар ғана қабылданады. Бұл қазақ әдебиетінің қоры 7 номинация бойынша жүздеген жаңа туындымен толығады деген сөз. Сонымен қатар қаламгерлер арасында бәсеке пайда болып, соның нәтижесінде оқырманға өзекті, қызық әрі заманауи шығармалар жол тартады",- деді ҚР МСМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Кітап ісі басқармасының басшысы Алмаз Мырзахмет.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: