Димаш Таймс-сквердегі экраннан бесінші рет көрінді
Сурет: Dimashnews.com
Димаштың жанкүйерлері Нью-Йорктегі Times Square-дегі ең танымал TSX билбордтарының бірі арқылы өздерінің сүйікті артисін әлемге таныстырып жатыр. Бұл жолы қазақстандық әнші үлкен экраннан 5-рет көрінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бейнероликтің көрсетілімі Димаш DDAO халықаралық фан-клубының және DK Media World халықаралық редакциясының бастамасымен ұйымдастырылған. Жоба әншінің барлық континенттен жиналған жанкүйерлерінен белсенді қолдау тапты. Димаш пен Бурак Йетердің "Weekend" атты жаңа әніне арналған бейнені жасау мен іске қосуға Еуропа, Канада, Қытай, АҚШ және Жапониялық Dears қатысқан", - деп жазды Dimashnews.com сайты.
Димаш пен түрік музыканты Бурак Йетердің "Weekend" композициясы алғаш рет 6 мамырда Антальяда өткен Қазақстандық орындаушының концертінде ұсынылды. Шілде айында ән Сербиядағы EXIT 2023 және Румыниядағы ARAD Open AIR сияқты фестивальдарда шырқалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript