Танымал әнші Өмірқұл Айниязов келін түсіріп, дүркіретіп той жасады

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2023 19:11 Сурет: instagram/farida_ainiyazova
Танымал әнші Өмірқұл Айниязов келін түсіріп, дүркіретіп той өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қуанышты хабармен өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

"Келінді көрсетіп қояйын, көрімдігін "Каспийге "жіберерсіздер. Жастар бақытты болсын”, – деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында. 

Сондай-ақ әншінің жары Фарида Айниязова да әлеуметтік желідегі парақшасында ұлымен түскен суретті жариялады.

"Күйеубала болып келіп тұрған түріңнен сол. Өте толқып, әдемі сезімде тұрған Семейдегі сәтіміз", деп жазды Фарида Айниязова Instagram-дағы парақшасында. Соған қарағанда келін Семей жақтан секілді.

Айта кетсек, Өмірқұл Айниязов дәстүрлі әнші, термеші, "Серпер" жастары сыйлығының иегері, "Құмет" орденінің иегері, Мәдениет қайраткері.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: