Жаңалықтар тізбегі
0

Италия эстрадасының шоқ жұлдызы Тото Кутуньо дүниеден озды

Италия эстрадасының шоқ жұлдызы Тото Кутуньо дүниеден озды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2023 21:40 Сурет: flickr/Nuță Lucian
Әнші әрі композитор, Италия эстрадасының шоқ жұлдызы Тото Кутуньо 80 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы хабармен Италияның ANSA агенттігі бөлісті.

Келтірілген деректерге сүйенсек, әнші Миландағы Сан-Рафаэль ауруханасында жан тапсырған.

Өнер тұлғасының менеджері Данило Манкузо агенттікке әншінің көптен бері сырқаттанып жүргенін, соңғы айларда ұзаққа созылған ауруынан жағдайы күрт нашарлағанын жеткізген. 

Оның әндері Италия ғана емес, сонымен қатар шет мемлекеттерде де өте танымал, әсіресе, L’italiano, Buonanotte сынды хиттері. 

Тото Кутуньо "Евровидение-1990" байқауының жеңімпазы екенін де еске сала кетелік. 


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: