"Бізді қосқан өнер жолы!". Толқын Забирова алғаш рет күйеуімен түскен суретін жариялады
Сурет: Instagram/tolkynzabirova
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, эстрада әрі опера әншісі Толқын Забированың күйеуімен отасқанына 26 жыл болыпты. Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазып, отбасылық суретпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жолдасымның атына келіп жатқан құттықтауларыңызға мың рақмет! Біреуі білсе, біреуі білмейтін шығар...Өмірлік жарымен Алла қосқанына 26 жыл болды! Үш ұлымыз дүниеге келді! Бізді қосқан өнер жолы! Махаббат пен өнер ұлтты таңдамайды...жүрек таңдайды! Иә, ұлты қазақ болмағанымен, қазақ жерінде (Жамбыл облысы, Мерке ауданы) өмірге келді. Қазақ өнеріне қосқан үлесі ұшаң-теңіз! Өздеріңіз сүйіп тыңдайтын өнерпаздардың көбісі жолдасымның қолдауымен танымал болды. (Аттарын айтпай-ақ қояйын,білетін адам біледі)", деп жазады Толқын Забирова Instagram-дағы парақшасында.
Әнші өмірлік серігінің адамгершілігі мол, жаны пәк, жүрегі кең екенін баса атап өтеді.
"Таңдай соғып отырғандарға айтарым: "Мен үшін алаңдамай-ақ қойыңыз, мен бақытты әйелмін!". Адамды ұлт арқылы емес, ісінен бағалау абзал."Көп ұлтты Қазақ елі бірлігімен, ынтымағымен жасай берсін! Жақсы сөз - жарым ырыс", - дейді атам қазақ! Жақсы сөз айтудан жалықпайық, достар! Шаңырақтарыңыз ырыс-берекеге, қуаныш пен бақытқа толсын, ардақтыларым", делінген жазбада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript