Тележүргізуші Тимур Балымбетов екінші рет әке атанды
Сурет: Instagram/balukz
4 қыркүйек күні интервьюер және тележүргізуші Тимур Балымбетов өзінің Instagram-дағы парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті: ол екінші рет әке атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қош келдің, балақай! Сен дәл осы күні – 4 қыркүйекте дүниеге келуді таңдапсың. Бұл Құдайдың және анаңның туған күніме жасаған ең жақсы сыйы деп білем. Біз және сенің ағаң сені шексіз жақсы көреміз, ұлым!" - деп жазды Балымбетов фотоның сипаттамасына.
Бұған дейін Тимур Балымбетов комментаторлардан екінші рет әке болу қалай болғанын әзілдеп сұраған еді.
"Шынымды айтсам, екінші рет әке болу қандай екенін елестете алмаймын. Құрметті тәжірибелі ата-аналар, нені ескеру керек және неге дайындалу керек, айтыңыздаршы? – деп сұрады продюсер.
2023 жылдың 21 шілдесінде Баян Алагузованың екінші рет әже атанғаны белгілі болды. Оның қызы Айсәуле Бақытбек екінші рет ана атанды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript