Жаңалықтар тізбегі
0

"Болмай қалды...". Желідегілер ұнжырғасы түскен Мәдина Сәдуақасоваға қолдау сөздер арнады

Мәдина Сәдуақасова, әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2023 20:28 Сурет: Instagram/sadvakasovamadina
Танымал әнші Мәдина Сәдуақасова желіде көптен күткен сүйінші жаңалығымен бөліспек болғанын жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Көптеген әріптес қыздарымның жақсы жаңалықтарын естіп қуанып жатырмын. Өзім ұзатқан жас қыздар болсын  қатарымдағы өзіммен жасты қыздардың да "тсс, ешкімге айтпай, жар салмай, аман-есен босанып алайын“ деп жүргендері де бар", деп жазады Instagram-дағы парақшасында өнер иесі.  

Ол көптен күткен сүйінші жаңалығымен бөліспек те болғанын айтады. Алайда... 

"Мен де осы уақытқа дейін үндемей, керемет қуанышты жаңалығыммен енді бөлісемін деп жүргенде ол болмай қалды. Жарайды… Әлі уақыт бар. Бұйырар. Барлық сәби күтіп жүрген қыз-келіншектерге дені сау, он екі мүшесі түгел бөпелеріңізді аман-есен босанып алыңыздар. Ең керемет құттықтау осы ғой, шіркін. Бұйырсын", деп ағынан жарылады әнші. 

Әншінің көңілі түскенін байқаған желі қолданушылары оған қолдау білдіріп, тілектерін жаудырды:

  • "Өзіңізге ұқсаған әдемі қыздың анасы болуыңызға тілектеспін",
  • "Жассыз ғой, үмітіңізді үзбеңіз" және т.с.с.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: