Smash Mouth рок тобының жетекшісі Стив Харвелл дүниеден озды

Стив Харвелл, Smash Mouth, рок, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2023 01:10 Сурет: видеодан алынды
Америкалық Smash Mouth рок тобының жетекшісі, 56 жастағы Стив Харвелл дүниеден озды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Rolling Stone журналы музыкалық топтың менеджері Роберт Хейске сілтеме жасай отырып, өнер иесінің өз отбасы мен достарының ортасында бақилыққа аттанғанын жазады.

"Стив екі жыл бұрын Smash Mouth-тан кетіп, зейнетке шыққан. Ал топ жаңа вокалист Зак Гудпен гастрольдік сапарларға шығып жүр. Дегенмен, Стивтің мұрасы оның музыкасымен бірге өмір сүре береді". Роберт Хейс


Ол Харвелл барда топ бүкіл әлем бойынша өз альбомдарының 10 миллионнан астам данасын сатқанын, беделді хит-парадтардың, соның ішінде Billboard 200-дің тізімдерінде бірнеше рет көш бастағанын да баса айтты. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: