Атақты актер Аль Пачино үш ай бұрын ұл туып берген 29 жастағы сүйіктісімен ажырасты
Бұл туралы The Blast басылымы ерлі-зайыптылардың ортақ танысына сілтеме жасай отырып, хабарлайды.
Дереккөздің айтуынша, Нур Альфаллах үш айлық ұлына алимент өндіру үшін Лос-Анджелестегі тиісті органдарға құжаттар тапсырған.
"Өз өтінішінде жас ана тек қаржылық қана емес, тікелей әкелік қамқорлықты да талап еткен. Мысалы, Аль Пачиноға мектеп мәселесі, емделу және дінін таңдау сияқты балаға қатысты маңызды шешімдерге ат салысуға мүмкіндік берілген", деп басылым инсайдер сөзін келтіреді.
Дереккөз Нұр Альфаллах Аль Пачинодан алимент өндіруге де ниетті екенін айтады.
"Калифорния соты алимент туралы шешім шығармастан бұрын ата-ананың кірістерін ресми түрде белгілеуі керек. Бұл жағдайда Аль Пачиноның жылына табатын ақшасын 12 айға бөлсек, алименттің сомасы өздігінен айқындалатыны анық", - деп түсіндіреді инсайдер.
Айта кетсек, 83 жастағы актер үш ай бұрын дүниеге келген баланың әкесі екендігіне күмән келтірген. Сондықтан ДНҚ-тест түрінде арнайы тексеру жүргізіліп, баланың актердікі екені нақтыланған болатын. Алайда бұл жаңалық та жұптың болашағына оң әсер ете алмады.
2023 жылы 16 маусымда 83 жастағы Аль Пачино мен 29 жастағы Нур Альфаллах ұл баланың ата-анасы атанды. Ол - Аль Пачиноның төртінші баласы. Ешқашан үйленіп көрмеген актердің 33 жастағы Джулия Мария есімді үлкен қызы бар. Оның анасы - актерлік шеберлік мұғалімі Ян Тэррант, сондай-ақ актриса Беверли Д ' Анджело аңыз тұлғаға егіз ұл туып берген. Антон Джеймс пен Оливия Роуз қазір 22 жаста.