Қазақстанда "Камызякидің" концерттері өтпейтін болды

"Камызяки" командасының Алматы мен Астана қалаларында қазан айының басына жоспарланған концерттері өтпейтін болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл жөнінде шараны ұйымдастырушылар мәлім етті.
"Камызяки" тобының әртістерінің қоғамдық әрекеттерін қоғамның жағымсыз қабылдауын ескере отырып, ұйымдастырушылар тобы "Камызяки" командасының концерттік турын бүкіл Қазақстан бойынша тоқтату туралы шешім қабылдады", – делінген хабарламада.
Ұйымдастырушылар билеттерді қайтару мәселесі бойынша билет сатқан операторларға жүгінуді сұрады.
"Камызяки" командасы 7 және 8 қазанда Астанада, 5 қазанда Алматыда өнер көрсетпек болған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript