"Саған Нюша сәлем айтып жатыр". Желіде Қайрат Нұртас пен Нұрлан Сабуровтың видеосы тарады
Сурет: видеодан алынды
Астанада 14-17 қыркүйек аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт сарайында Raqmet Comedy фестивалі өтіп жатыр. Оның аясында ресейлік әзілкеш Нұрлан Сабуров пен белгілі әнші Қайрат Нұртастың "қуырдақ" стилінде комедиялық шоуы өткізілуі тиіс болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.
Youtube-те осы шарадан түсірілген үзінді видео пайда болды.
Видеоның басында Нұрлан Сабуров сахнаға Қайрат Нұртас болып шығып, би билеп, ән айтады. Одан кейін, әрине әзілге жол берілген.
"Айтпақшы, Мәскеуден саған Нюша сәлем айтты" деп Нұрлан Қайратты алдымен қағытып алады. Одан кейін бірнеше шымшыма сөздермен ол Қайрат Нұртасты "қуыруға" тырысады:
- "Мынандай кәстөмді қалай киюге болады өзі? Құдды, Филипп Киркоров менің үстіме құсып кеткен секілді", - дейді Қайратша киініп, сахнаға шыққан ол.
- "Диана Гурцкаяға қарағанда Қайратта қара көзілдіріктер көп, негізі".
- "Айтқандай, Қайрат казино ойнап, қарызға белшесінен батты" деген алып-қашпа сөз бар. Мен бұған сенбеймін. Міне, Қайратқа қарасаңыздаршы (сахнада отырған әншіні нұсқап), мынандай киіммен оны ешкім казиноға кіргізбейді".
- "Қайраттың егіздері көп. Тіпті, олардың бірі Мәскеуде тұрады. Аты-жөні - Олег Моңғол".
- "Негізі, сенің әндеріңе шыдап жүрген мен секілді бүгін менің әзілдеріме төзуге мәжбүр саған, сенің ұжымыңа, отбасыңа рақмет айтамын", - дейді сөз соңында әзілкеш.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript