Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда Нұрғиса Тілендиев атындағы республикалық дирижерлер байқауы өтеді

Республикалық дирижерлер байқауы, Нұрғиса Тілендиев, Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2023 19:44 Сурет: Zakon.kz
20-22 қыркүйек аралығында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Нұрғиса Тілендиев атындағы республикалық дирижерлер байқауының ашылу салтанаты өтеді. Бұл байқауда 19 үміткер өз бағын сынамақ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Байқаудың басты мақсаты – талантты жастардың кәсіби өсуіне жағдай жасау.  

Байқау екі кезеңнен тұрады. "Үміткерлер "Отырар сазы" академиялық фольклорлы-этнографиялық оркестрінің сүйемелдеуімен музыкалық шығармаларды орындайды", делінген байқауды ұйымдастырушылар хабарламасында. 

Аталған музыкалық байқаудың жүлде қоры – 5 млн теңге.

Конкурс номинациялары бойынша Гран-при, 1, 2, 3-орындар, дипломдар, сондай-ақ "Нұрғиса Тілендиевтің шығармаларын үздік орындағаны үшін" жеке диплом табыс етіледі. Барлық жүлдегерлер 250 мың теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін көлемде ақшалай сыйлық алады.

Конкурс нәтижесі 22 қыркүйекте белгілі болады. Жеңімпаздардың қатысуымен гала-концерт өтеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: