Димаш Қытайдағы "Golden Panda" премиясында өнер көрсетті

Димаш Қытайдағы "Golden Panda" премиясында өнер көрсетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2023 23:53 Сурет: Dimashnews.com
20 қыркүйекте Димаш Құдайберген Қытайдың Чэнду қаласында өткен "Golden Panda" сыйлығын марапаттау рәсіміне қатысты. Кештің финалында әйгілі қытайлық әнші Вэй Вэй мен Димаш "Join Hands" сыйлығының басты тақырыптық әнін орындады.

"Golden Panda" – бұл сыйлықтың мәдени маңызын көрсететін Панда символымен бейнеленген кинематография өнері арқылы шығармашылық алмасуды дамытуға және ортақ болашағы бар жаһандық қауымдастық құруға бағытталған халықаралық шара. Бұл сыйлық бүкіл адамзаттың ортақ құндылығын ашатын ең жақсы фильмдерді таңдап, бағалайды.

Димаш қызыл кілемде әйгілі қытай әншісі Вэй Вэйдің бірге жүріп өтті. Жанкүйерлерімен амандасып, "Dears-қа деген сүйіспеншілікпен" деген қолтаңба қалдырды.

Кештің финалында Вэй Вэй мен Димаш Golden Panda Awards "同行 Join Hands" сыйлығының басты тақырыптық әнін орындады. Түпнұсқа шығарманы әйгілі ұйымдастырушы және ән авторы Чжу Хай және композитор, Оскар сыйлығының музыкалық төрешісі Нейтан Ванг жазған.

Солистердің әуезді дауысы ерекше үйлесім тауып, барлық тыңдаушыны толғандырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: