Жаңалықтар тізбегі
0

"Ес жоғалту, қатайып қалу". Медеу Арынбаев ұзақ жылдар жасырған сырын ашты

Медеу Арынбаев, концерт, құпия, дерт, ауру, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2023 21:22 Сурет: видеодан алынды
Танымал әнші Медеу Арынбаев көптен бері сахнадан көрінбей кетуінің себебін түсіндірді. Сондай-ақ ол 18 жыл күрделі дертпен алысқанын да жасырмай айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Менің концертімнің 10 жылдан ары неге шегеріле бергенін түсіндіре кетейін. Жалпы, өнерімнің барысында арасына бес жыл салып, концерт беріп отырады екенмін. Соңғы рет 2012 жылы "Айналайын, алтыным" деген концерт берген екенмін. Содан тоқтап қалды. Ол Айгүлге арнау болды. Ниеттеніп тұрған кезде 2017 жылы анам дүние салды. Содан 2019 жылға тоқталғанымда, денсаулығым сыр беріп, маған үлкен ота жасалды. Пандемия басталды, бәріміз есеңгіреп қалды. Содан кейін концертім осылай шегеріле берді", - дейді әнші "Менің өмірім" бағдарламасына берген сұқбатында.

Медеу Арынбаев 18 жыл алысқан дерттен айыққанына төрт жыл болғанын жеткізді. 

"2000 жылы басымда ұйыған қан түйіні пайда болды. Бұл қан қысымы емес. Ондайда көзің қарауытып, басың айналып кетеді екен. Жылына бір-екі рет болуы мүмкін. Ондайды елемейміз ғой біз. Дәрігер арнайы рецеппен дәрі жазып берді. Жыл өткен сайын оның дозасы көбейді. 18 жыл дәрі ішіп өтіппін. Жасырдым. Бірақ көп куә. Концертте де, той-томалақта да ұстап қалатын. Көлік рөлінде болғанда 4 рет болыпты. Құдай сақтады. Ешкімге зақым келтірген жоқпын. Бүлінгені көлік қана. Қазір қарап отырсам, періштелер қорғап жүр екен мені. 2015-2016 жылдары бұл ауру үдеп, қатты жиілеп кетті. Ес жоғалту, сіресіп қалу, қатайып қалу. Әрине, концерт тоқтады, бірақ ән айтуды доғармадым. "Қай кезде ұстап қалады екен" деген үрей болды үнемі. Содан жалтақтап өткен өмірі құрысын деп ота жасауға бел будым. Елордадағы Президент ауруханасының нейрохирургия бөліміне үлкен рақмет. Бір жылдай зерттеді, шетелден дәрігерлер шақырып, ақылдасты. Содан таңдау берілді. Отаны Израильде, не туған жерде жасау туралы. Әрине, өз елімде жасасын дедім. Маған ота тегін жасалды. 10 сағат жасады оны. Міне, төрт жыл өтті, бұл дерт ешқашан қайталанған емес", - дейді өнер адамы. 
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: