11 жасар қазақстандық әлемдегі ең үздік баяншы атанды
Сурет: видеодан скриншот
Елорда тұрғыны, 11 жастағы Радмир Хайбуллин Францияда өткен жарыста баяншылар арасындағы ең беделді жүлде "Әлем трофейін" жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астаналық жас музыкант баянистердің халықаралық байқауына онлайн қатысты. Ол ата-анасымен бірге өзі ойнаған пьесалардың жазбасын Францияға жіберген. Ал қазылар алқасы басқа қатысушылардың арасынан 11 жасар Радмир Хайбуллинді таңдады. Бұл туралы 24kz жазды.
"Байқау Францияда өтті. Біз видео түсірдік. Мен онда үш шығарманы орындадым: Иоганн Себастьян Бах – "Фуга де-мажор", Марк Фрадкин – "Махаббат әні", Юрий Гаврилов – "Жылдам пойыз"."Әлем трофейі" байқауының жеңімпазы Радмир Хайбуллин
"Әлем трофейі" бүкіл әлемдегі баянистер арасындағы ең беделді жарыс болып саналады. Ол 70 жылдан астам уақыт бойы өтіп келеді. Бұл жолы жас таланттың арқасында Қазақстан жоғары марапатқа ие болды.
Бұған дейін Айсұлтан Сейітовтің дебют фильмі "Азия Оскарын" алғаны белгілі болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript