Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан әншілері Жаңа жыл мерекесінде ән айтқаны үшін қанша алады

Қазақстан әншілері Жаңа жыл мерекесінде ән айтқаны үшін қанша алады, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2023 17:33 Сурет: Zakon.kz
Zakon.kz Қазақстан жұлдыздары Жаңа жыл мерекесінде өнер көрсеткені үшін қанша алатынын білді.

Отандық жұлдыздарды шақырып, кеш ұйымдастырмақ болған компания өкілімен сөйлесіп көрдік. Шараны ұйымдастырушы Қазақстанның ең танымал деген әншілерінің тізімін жасап, олардың продюсерін шақырып, құнын салыстырып көріпті.

"Басшылық маған жаңа жылдық корпоративті ұйымдастыруды тапсырды. Кешке жұлдыздарды шақыру идеясымен команданың тілектер тізімінде тұрған бірнеше адамға телефон соқтым. Бірақ олардың жарты сағат уақыт үшін сұраған сомасы мені таңғалдырды. Әрине, мереке күндері бәрі қымбаттайды ғой. Бірақ сонда да мына сомалар мен үшін өте үлкен", - деді аты-жөнін айтпауды жөн көрген жігіт.

Ол әншілерге телефон соғып, олардың стандарт пакеті бар екенін, оның ішінде үш-төрт ән бар екенін және орындау жарты сағаттан аспайтынын білген.

"Жұлдыз қалада болмаса, трансфер, тұру және тамақтануға қосымша ақы төленеді. Сонымен бұл параметрлер бойынша RaiM ең қымбат әнші болып шықты. Оның қысқа орындауы 6 миллион теңге тұрады. Аса қымбат емес сома сұрайтын әнші - Мәдина Сәдуақасова. Құны – 1 млн теңге", – деді Алматы қаласының тұрғыны.
  • RaiM (Райымбек Бақтыгереев) – 6 000 000 теңге;
  • Ерке Есмахан – 5 000 000 теңге;
  • Назима – 10 000 доллар (4 557 554 теңге);
  • Қайрат Нұртас – 10 000 доллар (4 557 554 теңге);
  • Ғалымжан Молданазар – 10 000 доллар (4 557 554 теңге);
  • Айқын Төлепберген – 2 500 000 теңге;
  • Луина – 2 500 000 теңге;
  • Төреғали Төреәлі – 2 500 000 теңге;
  • "МузАРТ" тобы – 2 500 000 теңге;
  • "Уркер" тобы – 1 800 000 теңге;
  • Әли Оқапов – 1 500 000 теңге;
  • Мәдина Сәдуақасова – 1 000 000 теңге.
"Бірақ Ділназ Ахмадиеваның, Бүркіт пен Айшаның келу құнын білу мүмкін болмады. Өйткені олар бүкіл желтоқсан бойы бос емес. Қайрат Нұртастың да бос уақыты жоқ", - деді дереккөз.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: