Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты

Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.01.2024 16:22 Сурет: видеодан скриншот
Әлемге әйгілі Қазақстан әншісі Димаш Құдайберген мен испаниялық опера әншісі Пласидо Доминго "Pearl fishers" операсынан үзінді орындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеоны Димаш Instagram-дағы парақшасына жариялады.

"Кешегі эфирдің көрсетілімінде Будапеште өтіп жатқан байқаудың шымылдығын Пласидо атамызбен Жорж Бизенің “Pearl fishers” операсынан Надир мен Зурганың ариясын орындаған едік", - деп жазды композитор.

Толық нұсқасын Димаш Құдайбергеннің YouTube арнасынан көруге болады.

Аты аңызға айналған тенор Пласидо Доминго Еуропалық виртуоздар байқауындағы кездесуде Димашты дуэт айтуға шақырған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: