Димаш Қытайда Жаңа жыл қарсаңында өнер көрсетіп, жанкүйерлерін құттықтады

Димаш Құдайберген, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2024 10:43 Сурет: instagram.com/kudaibergenov.dimash
Әнші, Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген Қытай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл қарсаңына арналған жобаларда ондағы телеарналарында өнер көрсетті. Ол Instagram-дағы парақшасында осы кезде түсірілген бірнеше фотосын жүктеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

CCTV-3 арнасы көрсеткен 2024 жылғы көктем фестивалінің гала-концертінде Димаш қазақ және қытай тілдерінде "Ұмытылмас күн" және Give me your love атты композицияларын орындады.

2024 Liaoning TV Spring Festival гала-концертінде Димаштың әйгілі пианист Ланг Лангтың сүйемелдеуімен Thousands of Miles, a Common Dream ("Мыңдаған шақырымға бір арман") әні шырқалды.

Музыканттар тайваньдық әнші Ричи Ренмен бірге Flowers Bloom in Spring ("Көктемде гүлдер бүршік атады") композициясын орындады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: