Таразда айтыскер ақындар мен жыршы-термешілер орталығы ашылды

Домбыра, айтыс, жыршылар, орталық, Тараз, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.03.2024 22:23 Сурет: NIS
Ұлттық өнер орталығында майталман ақындар мектеп оқушыларының талантын ұштаса, жыршылар жас дарындарды терме мен дәстүрлі ән өнеріне машықтайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таразда айтыскер ақындар мен жыршы-термешілер орталығы ашылды. Онда әр бағыт бойынша арнайы кабинеттер мен жас айтыскерлер клубы орналасқан. Сонымен қатар, аудио жазба студиясы іске қосылмақ. Алдағы уақытта төл өнер бағытында ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналыспақ. Айтыс жинақтары мен термешілік өнерге байланысты нұсқаулықтар шығару жоспарланып отыр, деп хабарлайды 24kz.


"Бабалардан аманат болған байтақ ұлттық өнеріміз: ол айтыс өнері, ол жыршылық өнері, ол термешілік өнері, ол дәстүрлі ән өнері. Осылардың барлығына да баулитын төр болад ыдеп ойлаймын. Алдағы уақытта біз жұмыс жүргізетін боламыз. Басқа өңірлерге де осы Жамбыл облысының игі бастамасын алға тартып осының әрі қарай жалғасын табуын басқа өңірлерде де ашылуын сұрайтын боламыз". ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтаев
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: