Жәния Әубәкірова Президентке өзінің авторлық мектебі туралы айтып берді

Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.03.2024 17:03 Сурет: akorda
Мемлекет басшысы Қазақстанның халық әртісі Жәния Әубәкірованы қабылдады. Кездесуде еліміздегі мәдениет саласының дамуы мен өзекті проблемалары талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жәния Әубәкірова Президентке жеке шығармашылығы мен өзінің авторлық мектебінің жұмысы туралы баяндады. Сонымен қатар ұзақ уақыт бойы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры болған маман музыкалық жоғары білім саласы туралы ой-пікірін жеткізді.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Жәния Әубәкірованың қоғамдық мәселелерге қатысты ұсыныстарын тыңдап, өнер саласындағы бастамаларына сәттілік тіледі.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: