Жаңалықтар тізбегі
0

Димаш Қытайдағы басты телеарнаның жобасына қатысты

Димаш Қытайдағы басты телеарнаның жобасына қатысты, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2024 14:43 Сурет: dimashnews.com
8 маусымда CCTV-1 арнасы Қытайдың Орталық радио және теледидары Мәдениет және туризм министрлігімен бірлесе отырып, Қытай мен басқа да шетелдер арасындағы кең ауқымды халықаралық мәдени алмасу мақсатында жүзеге асырған "Сұлулық пен үйлесімділік" жобасының жаңа бөлімін көрсетті.
"Музыка шекараларды, ал мәдениет көпірлерді бағындырды. Әуен басталғанда, менің әнімнен күш пен қайраттың лебі сезіліп тұрады деген үміттемін", - деп жылы лебізбен Димаш жанкүйерлерін бағдарламаны тамашалауға шақырды.

Сол жоба кешінде Димаштың бірнеше жылдан бері жеке концерттерінің негізі болған ерекше күш пен қайратқа толы Golden әні жобаның сахнасында тағы да шырқалды.


Ал халықаралық ынтымақтастық ретінде қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдан келген Сучжоу жастар симфониялық оркестрінің хоры POLY WeDo сүйемелдеуімен әйгілі You Raise Me Up композициясын ұсынды.


Еске салайық, Димаш былтыр қазан айында өткен "Сұлулық пен үйлесімділік" жобасының премьера бөліміне қатысқан болатын. Одан кейін атақты пианист Ланг Лангпен бірге композитор Синь Синхайдың "Сары өзеннің қайықшысының әні" атты фортепианолық концертінің бірінші бөлімінің фрагментін орындап, қазақтың халық әні "Дударайды" төл дәстүрлі нақышта және джаз-фанк стилінде ұсынды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: