Динара Сәтжан алғаш рет күйеуін көрсетті

Динара Сәтжан алғаш рет күйеуін көрсетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2025 14:24 Сурет: Instagram/dinarasatzhan
Таяуда тұрмысқа шыққан қазақстандық тележүргізуші Динара Сәтжан осыған дейін жұбайын көпшіліктен жасырып келген болатын. Дегенмен, бүгін, 2025 жылғы 4 сәуірде желіде алғаш рет күйеуін көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен қатар, ол екінші жартысының парақшасын белгіледі.

Тележүргізуші мұнымен шектеліп қоймай, күйеуінің тегіне өткенін де мәлімдеді. Енді ол – Жанықұлова.

Айта кетсек, 42 жастағы Динара Сәтжан жеке өміріне қатысты ақпаратты жасырын ұстайды. Оның әлеуметтік желідегі парақшаларынан тек ата-анасы, балалары туралы ақпаратты білуге болады. Ол бұған дейін өзінің қосағын кездестіргенін, ұсыныс күтіп жүргенін айтқан болатын. Осылайша, 2025 жылдың 8 қаңтарында желіде саусағына таққан сақинаны көрсетіп, "Иә, дедім" деп қысқа қайырылған жазба қалдырды. Ал, күні кеше, 3 сәуір күні ресми некеге отырып, мешітте некелері қиылғанын мәлімдеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: