"Басым ауырмайды, белім қақсамайды": Динара Сәтжан төлқұжаттағы жасына қатысты ағынан жарылды

«Басым ауырмайды, арқам сықырламайды»: Динара Сәтжан төлқұжаттағы жасына қатысты ағынан жарылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2026 09:23 Сурет: Instagram/dinarasatzhan
Қазақстандық танымал тележүргізуші Динара Сәтжан бүгін, 2026 жылғы 21 қыркүйекте 44 жасқа толды. Кәсіпкер өз жасын қалай қабылдайтынын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Динара Сәтжан студент кезінде 40 жастағы адамдарды егде жаста деп ойлағанын күлімсірей еске алды.

"Бүгін мен 44 жасқа толдым. Таңғы сағат 07:50-де ояндым. Өзімді 20 жасымдағыдай сезіндім. Басым ауырмайды. Арқам сықырламайды. Жанымда жалын бар. Жастық – бетте әжімнің болмауы емес. Жастық – ертең не болатыны әлі де қызық болған кез. Жақсы көргің, жасампаздықпен айналысқың, шығармашылықпен шұғылданғың, білім алғың, армандағың келген сәт! Сондай-ақ таңертең: "Менің әлі талай асуым алда" деген сезіммен ояну", – деп жазды Динара Сәтжан.

Ол ата-анасы жанында болғандықтан да өзін әлі жас сезінетінін айтты.

"Біздің атамыз бар. Мен немеремін. Қызбын. Сүйікті әрі сүйетін жармын. Ана, келін және енемін. Бақытты болу үшін қажет нәрсенің бәрі менде бар. Отбасым, туған-туыстарым, достарым, жақындарым, командам, DS қауымдастығым, оқырмандарым, тіпті мүлде танымайтын адамдар да бар. Әр жолы: "Араларыңда көзге көрінбейтін байланыс орнаған адамдардың ортасында өмір сүру қандай бақыт" деп ойлаймын", – деді тележүргізуші.

Бұған дейін Баян Алагөзованың жұбайы 57 жасын дүркіретіп атап өткені туралы жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: