Димаш 87 жастағы маңғыстаулық қолөнер шеберімен кездесіп, оның шөбересіне бұйымдарын сыйға тартты

Маңғыстаудың 87 жастағы қолөнер шебері Шархат Төлемісова Димаш Құдайбергенмен кездесіп, өзі оған арнап жасаған сыйлығын табыс етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қарт ана әншіге кәдесыйын табыстау үшін "Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы" мерекелік шарасының ашылу салтанатына арнайы келіп, 2 күн бойы қатысты.
"Біз – қазақпыз. Қазақтың кішкентай қызы болып өстік, қазір ана болдық, ауылдың данасымыз. Димаш – өзіміздің баламыз. Ақтауға келеді дегенді естіген соң, "неге бір тал шашақ байламасқа?" деп ойладым. Сондықтан кездесіп, домбырасына өз қолыммен тағуды жөн санадым", – деді қолөнер шебері
Өз кезегінде Димашта әженің қасына еріп келген 10 жасар шөбересіне алқасы мен жүзігін сыйға тартты.
Бұған дейін Динара Сәтжанның алғаш рет күйеуін көрсеткендігі жайлы жазған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз