Жаңалықтар тізбегі
0

Димаш Құдайберген құтқарып қалған мобилограф әріптестеріне үндеу жасады

Димаш Құдайберген құтқарып қалған мобилограф әріптестеріне үндей жасады  , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2024 10:25 Сурет: Instagram/nurasyl_bekturganov
16 қыркүйекте Димаш Құдайбергенмен бірге кадрға іліккен астаналық мобилограф Нұрасыл Бектұрғанов әріптестеріне үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кадрларда Астанада өткен концерт барысында танымал әншінің мобилографты құлаудан қалай құтқарып қалғанын көруге болады.

"Иә, барлығыңыз көргендей бұл жағдайдағы оператор жігіт мен боламын. Сахнаның шетінде тұрғанымды байқап, ұстап қалуға тырысқан Димаш Құдайбергенге рахмет!",- деп жазды Нұрасыл өзінің Instagram парақшасында.

Сондай-ақ, ол жазба соңында өзінің әріптестерін жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін естен шығармауға, сақтыққа шақырды.

Бұған дейін Ұлытау облысында той күні жантүршігерлік жол апаты болғаны хабарланды. Онда, қалыңдық жараланып, мобилограф көз жұмды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: