Димаш Құдайберген қарындасының 25 жасқа толуына орай ерекше сыйлық жасады
Сурет: Instagram/raushan_kudaibergen
Қазақстандық кәсіби сопрано әнші Светлана Айтбаева жалғыз қызына туған күніне орай жылы тілегін арнады. Ал Раушан маңызды күнде ағасы Димаш Құдайбергеннің жасаған ерекше сыйлығын көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өнер иесі әлеуметтік желіде қызының суреттерінің бірін жариялады. Фотоның астына:
"Туған күніңмен, қымбаттым! Саған ұзақ ғұмыр тілеймін! Ермахан екеуің барлық армандарыңа жетіп, алға қойған мақсаттарыңды жүзеге асырыңдар!" – деп жазды.
Әлемге танымал музыкант Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушанның жасы 2026 жылғы 29 тамызда 25-ке толды.
Айта кетерлігі, туған күн иесі Instagram парақшасында ағасының өзіне қалай құттықтау жасағанын да көрсетті.
Бұл күні "Шаршаған аққулардың махаббаты" әнімен танымал әнші Қарағандыда үлкен концерт өткізді. Концерт барысында Димаш қарындасын сахнаға шақырды.
"Қарағандыдағы концерттен. Ағам туған күніммен құттықтап, сахнаға шақырды. Рақмет саған. Біз сені өте-өте қатты жақсы көреміз. Ең бастысы – денің сау болсын, өзіңді күт!" – деп жазды Раушан.
Бұған дейін, 2026 жылғы 25 тамызда, қазақстандық блогер, қолдан тоқылған кілемдер жасайтын Жадыраның Құдайбергеннің портретін ілмекпен тоқып шыққаны туралы жазған едік.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript