Шетелдік әртістер еліміздегі сахна төрінде айтқан балағат сөздері үшін жазаланады ма

Шетелдік әртістер еліміздегі сахна төрінде айтқан боқтық сөздері үшін жазаланады ма , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2024 16:44 Сурет: primeminister.kz
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Сенат аясында әртістер үшін балағат сөздерге тыйым қалай қолданылатынын және бұл шетелдіктерге қатысты бар-жоғын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің пікірінше, мәдениет қайраткерлерінің міндеті - рухани құндылықтарды алып жүру және мәдениетті қалыптастыру.

"Егер біз қазір сахнада алкоголь немесе есірткі заттарын тұтынуға рұқсат берсек, нәтижесі қандай болмақ? Сондықтан, біз қазір сахнаға деген құрмет мәселесін көтеріп жатырмыз. Ең алдымен, сахнаға шығып, өзінің таланты арқылы табыс тапқан кез келген орындаушы көрерменін құрметтеуі керек", – деді спикер.

Бұл тыйым ел сахнасында өнер көрсететін шетелдік әртістерге де қатысы бар ма?

"Әрине. Олар біздің мемлекетіміздің аумағында өнер көрсетеді, сондықтан олар біздің заңдарымызды құрметтеп, сақтауы тиіс", – деп түйіндеді Балаева.

7 наурызда Қазақстанда балағат сөздер айтқаны үшін жазаны қатаңдататын әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер қолданысқа енгізілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: