Әлемдік жұлдыз Адель Ресей сән үйінің көйлегін киіп өнер көрсетті

Әлемдік жұлдыз Адель Ресей сән үйінің көйлегін киіп өнер көрсетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2024 12:12 Сурет: Instagram/adele, Instagram/ravieb
16 маусымда әнші Адель өзінің Лас-Вегастағы концертінде Валентина Юдашкиннің сән үйінің көйлегін киіп өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Британдық әнші өзінің Instagram парақшасында көйлек авторын атап өтті. Сол күні киім брендінің баспасөз қызметі Telegram арнасында осы көйлектің жасалу тарихы туралы айтты.

Адельдің стилисті командамен байланысқа шығып, әншінің талаптарын ұсынды. Негізгі шарттардың бірі-қара түсті киім жасау болды. Аталмыш жұмысты атқаруға сән үйі екі ай тынбай еңбек еткен. Көйлектегі әрбір гүл қолмен тігілген.

Сурет: Instagram/adele, Instagram/ravieb

Бұған дейін 2024 жылдың жазында қандай түсті киімдер сәнде болатынын айтқан болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: