Шавкат Рахмоновтың әпкесі желіге күйеуімен әсерлі бейне жариялап, көпшіліктің көзайымына айналды
Сурет: : Instagram/sora_rakhmonova_
Белгілі UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың әпкесі Сора 2024 жылғы 15 шілдеде күйеуі – Алматы облыстық мәслихатының депутаты және джиу-джитсудан спорт шебері Нұрсұлтан Орынбасаровпен жаңа бейне жариялады. Әсерлі бейнежазбаға оқырмандар жарыса ақ тілектерін білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Instagram-да жарияланған әзілге толы видеода, спортшы қысқа түрде: "Сен қайда барсаң, мен де сондамын" деп жазды.
Жазбаға алғашқылардың бірі болып, Сораның күйеуі жауап қатты. Ол пікірге риза қалыпты смайликтер қалдырды.
Өз кезегінде оқырмандар ерлі-зайыптыларға бақыт тіледі.
- Қос Батыр, жұптарың жазылмасын!
- Көз тимесін, алар асуларың көп болсын!
- Қызығып қарайтындай-ақ жұп, бақытты болыңдар!
2024 жылғы 22 сәуірде Шавкат Рахмонов қызды болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript