Француз актері Ален Делон қайтыс болды

Француз актері Ален Делон қайтыс болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2024 15:54 Сурет: wikimedia
Француз актері Ален Делон 89 жасына қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы оның үш баласының бірлескен мәлімдемесіне cүйене отырып Agence France-Presse жариялаған. Оның Францияның Души коммунасындағы өз үйінде қайтыс болғаны атап өтілді.

Ален Делон 1935 жылы 8 қарашада Францияның Сейн қаласында дүниеге келген, әйгілі француз актері, продюсер және кәсіпкер.

Ол өз карьерасын 1957 жылы бастап, тез арада француз киносының ең жарқын жұлдыздарының біріне айналды. Делон "Республика алаңы" (1960), "Мемлекеттік қылмыскер" (1962), "Леопард" (1963) және "Бассейн" (1969) сияқты фильмдердегі рөлдері арқылы танымал болды. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: