Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда алғаш рет республикалық "Ұлттық кітап" байқауы өтеді

Кітап, Ұлттық кітап байқауы, Ұлттық кітап күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2024 17:38 Сурет: unsplash
"Ұлттық кітап күні" мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі елімізде "Ұлттық кітап" байқауын жариялайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Байқаудың негізгі мақсаты – кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, үздік авторларды анықтап, қазақ әдебиетінің, руханиятының дамуына ықпал ету. Аудармашыларды, баспагерлер мен кітап дизайнерлерін қолдау және ынталандыру.

"Байқауға жұмыстар 2025 жылғы 15 қаңтар – 1 сәуір аралығында қабылданады. Конкурсқа кейінгі екі жылда жарық көрген туындылар қабылданады. Қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін түскен жұмыстар тіркелмейді". ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Байқау келесі 10 номинация бойынша өтеді:

  • Балаларға арналған үздік кітап;
  • Үздік комикс;
  • Нон фикшн бағытындағы үздік кітап;
  • Детектив жанрындағы үздік кітап;
  • Сатира жанрындағы үздік кітап;
  • Үздік илюстрациялық кітап;
  • Үздік аударма кітабы;
  • Фантастика жанрындағы үздік кітап;
  • Үздік баспа;
  • "Жыл кітабы" Гран-при сыйлығы.
"Байқауға қатысатын жұмыстардың көркемдік деңгейі, тіл тазалығы, сөздік қоры, өзіндік стильдің болуы, тақырып өзектілігі, мазмұн тереңдігі, тарихи әділдігі, өндірістік сапаның жоғары болуы, дизайнерлік жұмыстың жоғары болуы сияқты критерийлерге сәйкес келуі керек", делінген хабарламада.

Айта кетсек, Қазақстанда Үкіметтің Қаулысымен 23 сәуір – "Ұлттық кітап күні" мерекесі болып бекітілді. Бұл мерекелік дата Мемлекет басшысының қоғамда жоғары кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық Құрылтайдың негізгі отырысында берген тапсырмасына байланысты пайда болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: