"Шатырдағы екеу" фильмі Үндістандағы кинофестивалде екі аталым бойынша жеңімпаз атанды
Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
"Шатырдағы екеу" фильмі Үндістанның Калькутта қаласында өткен "Алтын арыстан" (GLIFF) халықаралық кинофестивалінде екі аталым бойынша жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Фильм үздік толықметражды фильм деп танылып, Best Debut Filmmaker Of Feature Film номинациясында жеңіске жетті.
Сонымен қатар фильм өткен жылы Нью-Йорктегі Oniros Film Awards беделді конкурсының ширек финалына шықты. Кинокартина ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілген.
"Шатырдағы екеу" фильмінде тағдыры қиындыққа толы жас жігіт Дамир мен аутизмге шалдыққан жасөспірім Костяның арасындағы достық суреттеледі.
Шығармашылық топ картинада инклюзияның маңызын және ерекше балалардың қоғамға бейімделу мәселесін көтерген.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript