Алмас Кішкенбаев курьерге қатысты әрекеті үшін сот алдында жауап береді

3 ақпанда сағат 17:00-де Алмас Кішкенбаев сот алдында жауап береді. Бірінші болып бұл туралы ақпаратты журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында жариялады. Оның айтуынша, Кішкенбаев үш бөтелке сыраны жеткізуге тапсырыс берген. Оны 2007 жылғы оқушы-курьер орындаған. Кешкі тоғызда ол дүкеннен тауарды алып, көрсетілген мекенжайға әкелген.
"17 жастағы жігіттің айтуынша, 40 жастағы ер адам сыраға тапсырыс берген. Тапсырыс беруші ішімдікті алғаннан кейін, курьерге бірге ішуде ұсынған. Бұдан бөлек, осы сәтте ер адам 11-сынып оқушысының интимдік жерін ұстап алған немесе ұстауға тырысқан",- деп жазды журналист.
Жасөспірім бірден үйіне барып, болған оқиға жайлы әкесіне айтып берген. Осылайша, Алмас Кішкенбаевтың атына құқық қорғау органдарына арыз жазылды.
31 қаңтарда іс Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша мамандандырылған ауданаралық соттың іс жүргізуінде болды. Әнші ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі "қоғамдық орындарда балағат сөздер айту, жеке тұлғаларды қорлау және басқаларға құрметсіздік білдіретін, қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер" бабымен айыпталуда.
Процеске қатысушылар хабардар етілді, енді олар 3 ақпанда кешке сотқа келуі керек. Жәбірленуші тарап кәмелетке толмаған адам болғандықтан, отырысты жабық режимде өткізу туралы шешім қабылданды.
Егер Алмас Кішкенбаевтың кінәсі дәлелденсе, онда оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынады.
Айта кетейік, әнші 2004 жылы Superstar kz жобасының бірінші маусымында жеңіске жеткеннен кейін танымалдылыққа ие болды.
Бұған дейін Павлодарда банк қызметкерлеріне қарсы қылмыстық іс қозғалғандығы хабарланған болатын.