Таразда жастар театры "Ләйлі–Мәжнүн" қойылымын сахналады

Қойылым, Тараз, жастар театры, Ләйлі–Мәжнүн , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2025 20:39 Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Тараз қаласында мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйі жанынан құрылған Тараз жастар театры студиясы алғашқы қойылымын көрерменге ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жас театр ұжымы Шәкәрім Құдайбердіұлының "Ләйлі–Мәжнүн" шығармасы негізінде әзірленген сахналық туындысы көрермендер көңілінен шықты. Қойылымды Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков ардагерлермен, зиялы қауым өкілдері және қала тұрғындарымен бірге тамашалады. 

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Классикалық махаббат хикаясын арқау еткен қойылымда қос ғашық - Мәжнүн мен Ләйлінің бір-біріне деген шексіз сүйіспеншілігі бейнеленеді. Алайда риясыз сезім ата-аналары мен қоғамның қысымына тап болып, қос жүректің трагедиясына ұласады. Мәжнүн елден безіп, жалғыздық құшағында өмір сүрсе, Ләйлі де сүйгеніне жете алмай, ажал құшады. Шығармада адам жанының тазалығы мен шынайы махаббаттың рухани биіктігі терең суреттеледі.

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қойылымды көпшілік назарына Шәкен Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, белгілі режиссер Қуандық Қасымов ұсынды. Кәсіби маманның режиссерлік шешімі мен актерлік құрамның шебер ойыны көрерменге ерекше әсер сыйлап, жастар театрының болашағынан зор үміт күттіретінін көрсетті.

Қойылым, Тараз, жастар театры, Ләйлі–Мәжнүн , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2025 20:39

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шара соңынд өнер ұжымына қала әкімінің атынан ықылас гүлі табысталды.

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: