"Жаңа адаммен жаңа өмір": Қайрат Нұртастың жары қуанышты жаңалығын бөлісті

"Жаңа адаммен жаңа өмір": Қайрат Нұртастың жары қуанышты жаңалығын бөлісті, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2025 20:38 Сурет: instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial
Қазақстандық танымал актриса әрі тележүргізуші Жұлдыз Әбдукәрімова Instagram-да қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылғы 21 маусымда Қайрат Нұртастың жары жаңа видео жариялап, жанкүйерлерін қызықтырып қойды:

"Жаңа адаммен жаңа үйде жаңа өмір".

Одан кейін төрт баласымен бірге ұзақ уақыт жалдамалы пәтерде тұрған 37 жастағы Жұлдыз өз баспанасының кілтін көрсетті.

Ал 23 маусым күні Жұлдыз Әбдукәрімова көптен күткен баспанасының жөндеу жұмыстарымен айналысып жатқанын айтты. Жақында бесінші рет ана атанғалы отырған Жұлдыз сәбиі дүниеге келгенге дейін үйін толық жөндеп үлгеруді жоспарлап отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: