Мәдениет министрлігі ЮНЕСКО Әлемдік мұра орталығына екі жаңа нысан ұсынды

Туркестан, город Туркестан, мавзолей Ходжи Ахмеда Яссауи, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2025 19:58 Фото: akorda.kz
Бүгінде Қазақстанда 25 000-нан астам тарихи‑мәдени мұра нысаны тіркелген. Оның қатарында республикалық маңызы бар – 265, 12 000-ге жуық жергілікті маңызы бар нысан бар. Еліміздің 10 мәдени мұра объектісі ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізіміне енгізілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі жариялаған бірінші жартыжылдық қорытындысында айтылады.

"2025 жылы Мәдениет және ақпарат министрлігі ЮНЕСКО Әлемдік мұра орталығына екі жаңа нысан ұсынды. Біріншісі – "Маңғыстаудың жерасты мешіттері", олар бес жерасты мешітінен тұрады. Атап айтсақ, Бекет ата, Қараман ата, Шопан ата, Шақпақ ата және Сұлтан епе. Екіншісі – Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстанмен бірге әзірленген трансұлттық номинация "Жібек жолы: Ферғана‑Сырдария дәлізі", оған Отырар, Сауран, Ясы, Сығанақ, Жанкент және Жетіасар оазисінің ескерткіштері кіреді". ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар, Қазақстан Әзербайжан, Түрікменстан, Иран және Ресей бірігіп, "Жібек жолы: Еділ-Каспий дәлізі" трансұлттық номинациясын әзірлеуде.


"2025 жылдың мамырында халықаралық сарапшылармен бірлесе отырып, мәдени және табиғи мұраға арналған "Үстірт: табиғи ландшафт және аңшылық тұзақтары" атты аралас номинацияға дайындық басталды. Номинациялық ұсыныс қыркүйекте UNESCO-ға жіберіледі", делінген хабарламада.

Бұған дейін Қазақстан тарихи және мәдени ескерткіштер тізімін жаңартқаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: