Аргентина радиостанцияларында Димаш Құдайбергеннің 75-тен астам әні шырқалды
Сурет: dimashnews.com
2025 жылғы мамыр айынан бастап SOS, Stranger, Golden, Your Love, Fly Away, Ikanaide, The Story of One Sky және басқа да көптеген танымал станциялардың ротациясына әншінің 75 түрлі композициясы енгізілді.
Әншінің композициялары әлемнің әртүрлі аймағын қамтып, Libertad Digital (99.1 FM, Чако), Radio Vox (120.9 FM, Буэнос-Айрес), Patagonia Andina (93.3 FM, Эль-Больсон), Radio Ibiza (Санта-Фе), Cadena 3 (100.5 FM, Кордова) және басқалары сияқты радиостанцияларда тұрақты түрде беріліп жатыр.
Димаштың әндерінің радио толқынында кең орын алуы – қазақстандық өнерпаздың жанкүйерлерінің бастамасымен мамыр айында ұйымдастырылған Dimash on the Radio акциясының нәтижесінде өрбіді.
Smoke, Be With Me, Weekend, Give Me Your Love, Adagio(Лара Фабианмен дуэті) және басқа тректері радио жүргізушілер мен тыңдармандардың ерекше назарын аударды. Adagio қойылымынан кейін эфирде:
"Лара бізді теңіз мен дауыс тұтасқан Карузо мифіне батырса, ал Димаш тек өзі ғана өмір сүре алатын шексіз пейзаждарды суреттейді. Олардың дуэті – тіпті ауырлықтың өзі мәңгілікке айналатын шексіздік" деген жарқын пікір қалыптасты.
Еске салайық, бұған дейін Димаштың әні алғаш рет Мексикадағы Disney радиосында қойылғанын хабарлаған едік.