Димаш Құдайбергеннің әні америкалық чарттарда алдыңғы орынға шықты

Димаш Құдайбергеннің әні америкалық чарттарда алдыңғы орынға шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.02.2025 16:19 Сурет: instagram/kudaibergenov.dimash
Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің "Smoke" әні америкалық "Amazon" және "iTunes" чарттарында алдыңғы орында тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әншінің жеке сайтынының хабарлауынша, 2025 жылғы қаңтар айында шетелдік басылымдарда қазақстандық әртіс Димаш Құдайберген туралы бірнеше мақала жарияланды. Аргентина, Англия және Американың бұқаралық ақпарат құралдарында ерекше талантты, қарапайым өмірлік ұстанымдары бар, мәдени тұлғалық қасиеттері үйлескен, әлемнің әртүрлі елдерінде жанкүйерлерінің сүйікті әншісіне айналған қазақстандық өнерпаз туралы бірнеше мақала жазды.

Америкалық "Haute Living" басылымының жаңа мақаласында:

"Димаш Құдайберген бүкіл әлем бойынша көрермендерді неоклассика, поп-музыка, қазақ фольклоры мен заманауи музыканың бірегей бірігуімен баурап алып, Азияның ең танымал әртістерінің біріне айналып жатыр. Димаштың өнердегі еркіндігі оған қайталанбас және мәңгі есте қаларлық дыбыстық ландшафт жасау үшін дәстүрлі қазақ әуендерін әлемдік музыкамен араластыра отырып, әртүрлі музыкалық стильдерді еркін зерттеп, жаңа өнер жауһарын ойлап табуға мүмкіндік беруде. Димаш үшін музыка – жай ғана көңіл көтеру құралы емес, бұл әлемдік сахнада Қазақстанның бай мәдениетін көрсетуге арналған платформа" деп жазылған.

Бұқаралық ақпарат құралдары әншінің кейінгі туындыларының ішінен 2024 жылғы 26 сәуірде шыққан "Smoke" композициясын тілге тиек еткен.

Туындының композиторы – Димаштың өзі болса, ал мәтін авторлары Кэндис Келли мен Дмитро Гордон.

30 Қаңтарда "Smoke" трегі америкалық чарттарда алдыңғы қатарға шықты. "iTunes Top 100" қосымшасында ән 32-орында тұр.

"Amazon"-дағы "Best Sellers in Songs" категориясында ән фольклорлық вайбты электронды музыкамен және барлық жағынан жоғары вокалмен үйлестіретін композиция ретінде үздік 10-ға кірді.

Ал "Best Sellers in Pop" категориясында ән бірінші орынға шықты.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: