Алматыда Дженнифер Лопестің концертіне баратын көрермендер нені білуі керек

Алматыда Дженнифер Лопестің концертіне баратын көрермендер нені білуі керек, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2025 18:24 Сурет: instagram.com/jlo
2025 жылғы 10 тамызда, жексенбі күні, Алматының Орталық стадионында әлемге әйгілі америкалық әнші Дженнифер Лопестің концерті өтеді. Zakon.kz бұл ауқымды шоудың алдында көрермендер білуге тиіс маңызды мәліметтерді ұсынып отыр.

Дженнифер Лопестің концертіне дейін кім өнер көрсетеді?

6 тамыз күні Джей Ло концерті ұйымдастырушыларының мәліметінше, Қазақстандық сахнадағы ең жарқын өнерпаздардың бірі — Sadraddin Джей Ло-ның концерті алдындағы pre-show-да өнер көрсетеді.

Концерт басталғанға дейін көрермендерді не күтіп тұр?

Көрермендер концертті еш алаңсыз тамашалауы үшін стадион аумағында әртүрлі тамақ пен сусын ұсынылатын фудкорттар жұмыс істейді.

Сонымен қатар ұйымдастырушылар Дженнифер Лопестің эксклюзив мерч өнімдері сатылымға шығатынын хабарлады.

Алматы Орталық стадионына кіру сұлбасы

Көрермендерге кіру тәртібі мен есіктерді алдын ала біліп алғаны жөн:

  • VIP Standing аймағына – тек оңтүстік трибуна, 4-қақпа арқылы (Сатпаев көшесі жағынан).
  • Fan Zone, Dance Floor, Free Zone – солтүстік трибуна, 6-қақпа арқылы (Абай даңғылы жағынан).
  • Секторлар 26-28, 30-32, 40-42 – шығыс трибуна, 1-қақпа (Байтурсынов көшесі жағынан).
  • Секторлар 33-36, 43-47 – шығыс трибуна, 2-қақпа (Байтурсынов көшесі жағынан).
  • Секторлар 2-9, 11-18 – солтүстік трибуна, 5-қақпа (Абай даңғылы жағынан).
  • Секторлар 19-22, 24, 25 – солтүстік трибуна, 6-қақпа (Абай даңғылы жағынан).

Есіңізде болсын: кіру кезінде рұқсат белгісін (өту белгісін) алу міндетті. Онсыз іс-шара аумағына өтуге болмайды.

Стадион есіктері сағат 15:00-де ашылады

Ұйымдастырушылар көрермендерден кіреберісте ұзын-сонар кезек болмауы үшін уақтылы келуді өтінеді.

Стадионға сағат 15:00-ден бастап кіруге болады.

Іс-шараға тек QR-коды бар билетпен кіруге рұқсат етіледі.

Бір билет бір адамға арналған.

VIP Standing, Fan Zone, Dance Floor аймақтарына тек 16 жастан бастап кіруге рұқсат.

12-ден 16 жасқа дейінгі балалар тек ересек адаммен бірге және отыратын орынға билетпен кіре алады.

Қоғамдық орында өзін-өзі ұстау ережелері:

  • Басқаларға және іс-шара қызметкерлеріне құрметпен қараңыз;
  • Еріктілер мен қауіпсіздік қызметкерлерінің нұсқауларын орындаңыз.

Тыйым салынған заттарды алып келмеңіз:

  • сырттан әкелінген тамақ пен сусын;
  • қару-жарақ;
  • есірткі және басқа да қауіпті заттар.

Джей Ло концертіне не әкелуге болмайды?

Ұйымдастырушылар стадион аумағына әкелуге тыйым салынған заттар тізімін жариялады:

"Қауіпсіздік пен барлық қонақтардың жайлылығы үшін бұл өте маңызды. Кіреберісте қауіпсіздік қызметі сөмке мен жеке заттарды тексереді. Тыйым салынған заттар тәркіленеді", - деп ескертті ұйымдастырушылар.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: