Әкімдік: Алматы Дженнифер Лопес концертіне дайын
Сурет: instagram/jlo
Алматының Орталық стадионында әлемдік жұлдыздың ертеңгі концертіне соңғы дайындықтар жүріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы әкімдігнің хабарлауынша, күні-түні жұмыс істеп жатқан 220-дан астам маман көпдеңгейлі сахнаны құрастырып, жарық пен дыбыс жүйелерін орнатып, фан-аймақтар мен VIP-кеңістіктерді жабдықтап жатыр.
“10 тамызда Алматы әлемдік поп-музыканың орталығына айналып, көрермендерге Джей Лоның керемет шоуын сыйлауға толықтай дайын”, - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда Дженнифер Лопестің концертіне әлемдік деңгейдегі сахна дайындалып жатқанын хабарлаған едік.
Концерт билеттері толық сатылып кетті. Оларды АҚШ пен Жапониядан бастап, БАӘ мен Канадаға дейінгі 35-тен астам елдің көрермендері және мыңдаған қазақстандық сатып алды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript