Қазақстандағы ең ірі музей уақытша жабылады
Сурет: pexels
Алматы қаласында орналасқан Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейі келушілерге маңызды мәлімдеме жасады. Елдегі ең ірі көркемсурет мұражайы өз жұмысын уақытша тоқтататынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ақпарат мұражай әкімшілігінің желідегі жазбасынан белгілі болды.
"Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі қажетті жөндеу жұмыстарының жалғасуына байланысты желтоқсан айына дейін уақытша жабық болады",- делінген ақпаратта.
Сондай-ақ, бұл шара келушілерге көрсетілетін қызмет сапасын арттырып, музей кеңістігін барынша қолайлы ету мақсатында жүзеге асырылуда екені аталып өтілді.
Желі қолданушыларының бірінің сұрағына жауап ретінде мұражай өкілдері ішінара жөндеу жұмыстары 2025 жылдың мамыр айында басталғанын, ал 5 тамыздан бастап мұражай толық жабылғанын нақтылады.
Бұған дейін қазақстандық фильмнің Иорданиядағы кинофестивальде көрермен көзайымы жүлдесін жеңіп алғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript