Желіде 67 жастағы Роза Рымбаеваның спортзалдағы суреті тарап жұртты таңғалдырды

Роза Рымбаева, спортзал, Әли Оқапов, Халық әртісі , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2025 11:28 Сурет: Instagram/rozarymbaeva
Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева ұлы Әли Оқапов пен келіні Ақерке Бүркітбаймен бірге жаттығу залына барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаттығу сәтінен Рымбаеваның келіні, белгілі қобызшы Ақерке Instagram парақшасында спортзалдан stories жариялады.

Сурет: Instagram/akerkeburkitbay

Бейнежазбадан Роза Рымбаеваның ұлы, әнші Әли Оқапов өз анасымен бірге спортзалға келгенін көруге болады. Роза Рымбаева жаттықтырушының бақылауымен арқа мен қол бұлшықеттеріне арналған жаттығулар жасап жатқан сәті түсірілген.

Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің Мексикадағы концертінің билеттері небәрі 8 минуттың ішінде сатылып кеткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: