Атыраулық жас электрик Қайрат Нұртастың сенімді серігіне айналды

Атыраулық жас электрик Қайрат Нұртастың сенімді серігіне айналды , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2025 12:26 Сурет: Instagram/kair_n
Бұрын "Атырау Жарық" компаниясында аға электриктің көмекшісі болып жұмыс істеген Бекет Шындаулетұлы Қайрат Нұртастың Алматыдағы концертіне техникалық маман ретінде қатысқан. Оның еңбек жолы жайлы толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Атырау қаласының тұрғыны Бекет Шындаулетұлы үш жыл бұрын бар болғаны электрик көмекшісі болса, жуырда ол танымал әншінің ауқымды концертін ұйымдастырушылардың бірі болды. Өзінің қызықты еңбек жолы жайлы ол Instagram парақшасында жазды.

"Болашақта да жобаларымыз көп болғай",- деп жазды Бекет дайындық пен концерт барысындағы бірнеше фотосуреттермен бөлісе отырып.

Instagram қолданушылары оның жетістігіне тәнті болып, пікір қалдырды. Көпшілігі Бекеттің оқиғасы еңбекқорлық пен табандылық адамның өмірін түбегейлі өзгерте алатынының нақты дәлелі екенін атап өтті.

Бұған дейін Батырхан Шүкеновтің жалғыз мұрагері – Мақсұт Шүкенов әкесі туралы естеліктерімен бөліскенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: