Сапасыз жолдар үшін қылмыстық жауапкершілік: Қазақстанда бақылау күшейтілді

Сапасыз жолдар үшін қылмыстық жауапкершілік: Қазақстанда бақылау күшейтілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2025 17:12 Сурет: gov.kz
Қазақстанда автожолдарды салу және пайдалану саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс жалғасып жатыр. Оның негізгі бағыттарының бірі – жол құрылысы жұмыстарына техникалық және авторлық қадағалауды күшейту болып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 22 шілдеде ҚР Көлік министрлігі мәлімдеді:

"Енді автомобиль жолдарын салу мен жөндеуге қадағалау жүргізетін ұйымдар штатында жол құрылысы саласындағы білікті мамандар болуы міндетті. Бұған дейін бұл талап аккредитация алу кезінде міндетті шарт болмаған. Бұл жаңашылдық бақылау сапасын арттыруға және жұмыстардың белгіленген стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етуге бағытталған", – деді министрлік өкілдері.

Сонымен қатар, қадағалаушы мамандардың заң алдындағы жауапкершілігі де күшейтілді.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” ҚР Заңының 1-бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес, техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар мемлекеттік функцияларды орындайтын тұлғаларға теңестіріледі. Бұл олардың өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын білдіреді", - делінген министрлік хабарламасында.

Министрлік қабылданған шаралар еліміздің автокөлік инфрақұрылымының сенімділігі мен ұзақмерзімділігін арттырудағы маңызды қадам болады деп сендіріп отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: