Қазақстан кітапханаларына жыл басынан бері 37 миллион оқырман барған

Қазақстан кітапханаларына жыл басынан бері 37 миллион оқырман барған, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2025 20:02 Сурет: pixabay
Биыл ел бойынша кітапханалар келушілер санының рекордтық көрсеткішін тіркеп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, кейінгі бір айдың өзінде Алматыдағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына шамамен 13 мың адам жүгінген. Ең белсенді оқырмандар – 17 мен 25 жас аралығындағы жастар, ал 45 жастан асқан келушілердің саны – екі мыңға жуық. Шамамен үш мың адам кітапханаға алғаш рет тіркелген.

"Оқырмандар көбіне қазақ және әлем әдебиетінің классикалық және көркем шығармаларын оқығанды жөн көреді. Кітап сүйер қауым көбіне романдар, повестер мен поэзияны таңдайды. Кейінгі айларда қазақ классикасына және ұлттық философиялық әдебиетке қызығушылық айтарлықтай артқан", - делінген хабарламада.

Бүгінде Қазақстанда 3 883 қоғамдық кітапхана жұмыс істейді. Жыл басынан бері ел бойынша 5,3 миллионнан астам жаңа оқырман тіркелген.

Еске салайық, бұған дейін "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері анықталғанын жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: