Тұрсынбек Қабатов балалары жайлы мәлімдеме жасады: Әзілкештің экс-жұбайы не дейді

Тұрсынбек Қабатов балалары жайлы мәлімдеме жасады: Әзілкештің экс-жұбайы не дейді, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2025 15:44 Сурет: Instagram/moldir.mt, Instagram/tursynbek_kabatov_resmi
Қазақстандық актриса, продюсер және әнші Мөлдір Мұқанова бұрынғы күйеуі Тұрсынбек Қабатовтың балалар жайлы соңғы жасаған мәлімдемесіне пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін Мөлдір Мұқанова бағдарламалардың біріне берген сұхбатында әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың "балаларды бұғаттап тастағаны" жөнінде айтқан болатын.

2025 жылғы 3 қарашада әнші өзінің желідегі парақшасында "Өтірік" атты әнінің тұсаукесерін жариялаған болатын. Жазба астына оқырмандардың бірі Тұрсынбектің қылығын сынға алып, балаларын "бұғаттамағанын" айтқанын жазды.

Өз кезегінде, продюсер желі қолданушысына "Әннің аты жауап", деп қысқа қайырды.

Айта кетейік, Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанова 2003 жылы отбасын құрды, бір шаңырақ астында 20 жылдан астам уақыт өмір сүрді.

Бұрынғы ерлі-зайыптының ортақ бес баласы бар: үш қыз және екі ұл

2025 жылғы 1 қарашада Мөлдір Мұқанова көптен берлі ел аузында жүрген қауесетке нүкте қойып, Тұрсынбек Қабатовпен реми түрде ажырасқанын мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, қазір әзілкештің екінші әйелі бар, ал олардың шаңырағы шайқалғанына 14 жылдан астам уақыт болған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: