Мөлдір Әуелбекова жеті жастағы ұлының арманын орындады
Сурет: Instagram/moldir.auyelbekova
Қазақстандық әнші, актриса және тележүргізуші Мөлдір Әуелбекова жанкүйерлеріне қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
КешYou тобының бұрынғы әншісі Instagram-дағы парақшасында баласы екеуі катерге (парасэйлинг) байланған парашютпен "ұшып жүрген" видеосын жариялады.
"Баламның арманын орындадым! "Жанымда бол!" Ер жүрегім! Әр баланың армандары орындалып, бақытты болсын!", - деп жазды әнші.
Көпшілік әнші мен оның ұлы үшін қуанып, оның "Жанымда бол!" әнін де жоғары бағалады:
- Күшті, керемет;
- Уаууу;
- Керемет, ғажап, бізге де бұйырсын;
- Бізге де жұғысты болсын, балаларымыздын арманы орындала берсін;
- Қандай әдемі дауыс.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript