Баян Алагөзова Snoop Dogg-қа шапан жапты

Баян Алагөзова, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.05.2024 22:57 Сурет: instagram/bayanmaxatkyzy
Қазақстандық танымал продюсер, актриса және кәсіпкер Баян Алагөзова 10 мамыр күні оқырмандарына қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол өзінің Instagram-дағы парақшасында америкалық танымал рэпер Snoop Dogg-тың қазақстандық KeshYOU тобымен бірге бейнебаян түсіргенін айтты.

Қазақстандық продюсер рэпермен бірге түскен суретін де жариялады. Онда Snoop Dogg-тың қазақша шапан мен бас киім кигенін көруге болады. Баян Алагөзова ұлттық киімдерді қазақстандық дизайнер Аида Қауменова тіккенін айтты.

Айта кетейік, рэпер де Instagram-дағы парақшасында жаңа әннің жарыққа шыққанын хабарлады. Ол қазақ әншілерімен бірге түскен видеосын жариялады.


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: