Баян Алагөзова Қазақстандағы ең сұлу әйелдердің көшін бастады
Сурет: Instagram/bayanmaxatkyzy
Продюсер әрі актриса Баян Алагөзова Қазақстандағы ең көрікті танымал әйел ретінде танылды. ZimaBlue зерттеу агенттігі қазақстандық әйелдердің рейтингін ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық продюсер бұл жетістігін Instagram-дағы парақшасында бөлісіп, Stories-те сауалнама нәтижесінің скриншотын жариялады және өзіне дауыс берген барлық жанкүйеріне алғысын білдірді.
Бұл мәртебелі атаққа әртүрлі жас пен әлеуметтік топтағы әйелдер таласты. Рейтингтің алғашқы орындарына жай ғана көрікті медиабейнелер емес, сонымен қатар харизмасы, талантты және танымал тұлғалар енген.

Сурет: Instagram/bayanmaxatkyzy
Екінші орынды Қазақстанның халық артисі Роза Рымбаева,
үшінші орынды актриса Әсел Сағатова иеленді.
Үздік ондыққа екі спортшы қыз да енді:
Сегізінші орын — волейболшы Сабина Алтынбекова,
сондай-ақ тізімге спорттық жетістіктері мен медиялық белсенділігімен танымал боксшы Ангелина Лукас та кірді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript