Бүгін – Қаллеки театры шымылдығын ашқан күн

Бүгін – Қаллеки театры шымылдығын ашқан күн, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2025 14:39 Сурет: ticketon.kz
Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры сахнасы 1991 жылғы 15 қарашада Ғабит Мүсірепов­тің "Ақан сері – Ақтоқты" трагедиясымен ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алғашқы қойылымды театрдың негізін қалаушы, дарынды режиссер Жақып Омарұлы сахналады.

Театрдың тізгінін кейін Қадыр Жетпісбаев, Әзірбайжан Мәмбетов сынды талантты тұлғалар қолға алды.

2020 жылы елорданың сәулетіне сән берген жаңа театр ғимараты бой көтерді. Заманауи ғимаратта 635 орындық үлкен зал, 202 орындық камералық зал, музей бар.

Бүгінде театрдың репертуары жаңаша қойылымдармен толықтырылып келеді.

Мұхтар Әуезовтің "Абай", "Қорғансыздың күні", "Айман-Шолпан", Шыңғыс Айтматовтың "Ғасырдан да ұзақ күн", "Қызыл орамалды шынарым" сынды қойылымдары көрерменнің көзайымына айналды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: